Мирзиёев тағы 14 жыл билік құрмақ

561

Atameken Business телеарнасының "Анығын айтсақ" бағдарламасында Өзбекстандағы көтеріліс сөз болды.

Мирзиёев тағы 14 жыл билік құрмақ

Әрине, Қарақалпақстандағы оқиға Өзбекстанның ішкі мәселесі. Дегенмен де көрші ретінде әрі өзбекпен бауырлас, ал қарақалпақпен туыстас халық ретінде Қазақстан жұртшылығы алаңдамай отыра алмайды. Кімге болса да көршісінің бас амандығы мен тыныштығы керек. Сырттай қарағанда жағдай тынышталған сияқты болып көрінеді. Себебі Қарақалпақстаннан тарап жатқан хабарлардың ауқымы тым жұтаң, жағдайдың нақты қандай халде екенінің анық-қанығын ешкім білмейді.

Бір анығы – бір айға жарияланған коменданттық тәртіп қатаң түрде жүзеге асырылып жатыр. Барлық жерде бақылау күшейтілген, белсенділікке мүмкіндік жоқ десе де болады. Ал көз алдындағы қанды қақтығыстан есеңгіреп қалған халықтың көңілі су сепкендей басылған болар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу