Мирзиёев Тоқаевты дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады

485

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

 Мирзиёев Тоқаевты дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады Фото: akorda.kz

Өзбекстан Президенті осы кезеңде маңызды нәтижелерге қол жеткізіліп, халықтарымыз арасындағы достық байланыс нығая түскеніне назар аударған.

"Соңғы жылдары біздің байланысымыз өзара сенім мен қолдау, зор құрмет және тату көршілік қарым-қатынас, сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттарына сай қарқынды дамып келеді. Жоғары деңгейдегі ашық, конструктивті әрі белсенді диалог, сондай-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық қарым-қатынастарды реттейтін тиімді практикалық механизмдер біздің өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға берік негіз болатынын атап өткім келеді", – деп жазылған құттықтау жеделхатында.

Сонымен қатар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 21-23 қараша күндері өтіп жатқан Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері тарихы ортақ бауырлас халықтардың достық байланысын күшейте түсетінін айта келіп, бірлескен шаралар екі елдің көпжақты қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу