"Мишабай – Қазақстан мақтанышы": Димаш Құдайберген уәде еткен темір тұлпарын сыйлады

Бұған дейін әнші әлеуметтік желідегі парақшасында көлік сыйлайтыны туралы айтып, арнайы жазба жариялаған еді. 

"Мишабай – Қазақстан мақтанышы": Димаш Құдайберген уәде еткен темір тұлпарын сыйлады Фото: коллаж: inbusiness.kz

Темір тұлпардың нарықтағы құны 35 миллион теңгеге жуық бағаланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, әлемдік жұлдыз Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап отыр. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан үшін тарихи алтын медаль жеңіп алған спортшыға арналған қара түсті көлікте ұлттық нақыштағы оюлар безендірілген. Автокөліктің алдында және жанында "Мишабай, жеңісің құтты болсын!", "Қазақстан мақтанышы" деген жазулар бар. 

Осыған дейін Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтап, видеоүндеу жолдаған еді.

– Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі қимылың мен өнерің тек чемпион ғана емес, бүкіл жұртқа үміт пен рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң – халқымыздың өкінішке қарай, маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы борышыңды, еліміздің, халқымыздың алдындағы міндетіңді жоғары деңгейде өтедің, – деген болатын Димаш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу