Мишель Обама Байденнің орнына сайлауға түсуі мүмкін – БАҚ

254

Мұндай қадамды неміс баспасөзі Америка президентінің рейтингінің төмендеп кетуімен түсіндіреді.

Мишель Обама Байденнің орнына сайлауға түсуі мүмкін – БАҚ Фото: Official White House

АҚШ Демократиялық партиясының кейбір мүшелерінің болжамына сәйкес, 2024 жылдың тамызында Чикагода өтетін партиялық сьезде ел президенті Джо Байден алдағы сайлауға қатыспау туралы шешімін жариялайды және оның орнына АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың әйелі Мишельдің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демократиялық партия тіпті Мишельді әлеуетті кандидаттар туралы сауалнамаларына қосты. Америкалықтардың басым көпшілігі әйел президентті армандайды, деп жазады басылым.

"Халық қиялының бұлайша өріс алуы оның көңілінің әбден қалғандығын білдіреді. Бұрын-соңды АҚШ тарихында ел арасында соншалық танымал емес екі үміткер бір-бірімен кездескен емес", - делінген хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, америкалықтардың үштен екісі Байденді жасы келгендіктен тағы төрт жыл бойы АҚШ-ты басқара алмайды деп санайды. Оған қалды екінші үміткер Дональд Трамптан біраз адам қорқады, ол қазіргі Президенттен жастау болғанымен, оның порно актрисаның үнсіздігін сатып алуға тырысқаны үшін айыпталып, аптасына бір-екі күн сотта өткізетіні сенім ұялатпайды.

Алайда Мишель Опра Уинфриге берген сұхбатында саясатқа ешқашан қызығушылық танытпағанын мәлімдеген еді. Ол өзінің кітабында да соңғы онжылдықтағы тәжірибе оның көзқарасын өзгертпегенін мойындады. Бұл Обаманың америкалық сайлаушылар арасындағы танымалдылығына әсер етуі мүмкін, деп болжайды Der Spiegel.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу