Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша "АНДИ" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) өндірген "Мистер Сидр" алкоголі аз сусыны Қазақстан аумағына әкелінбегенін, есепке алу-бақылау маркасы берілмегенін хабарлайды.
Сонымен бірге Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жеткізушілерден өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды талап етудің қажеттілігі туралы алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді ақпараттандыру тапсырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақпаратқа сәйкес сусынның құрамында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін метанол мен этилбутират қоспаларының көп мөлшері анықталды, өнім заңсыз айналымда болған.