Митинг өткізген жаңаөзендік мұнайшылардың бір бөлігі жұмысқа тұрды - министр

531

Бұл туралы Үкімет кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты. 

Митинг өткізген жаңаөзендік мұнайшылардың бір бөлігі жұмысқа тұрды - министр Фото: Ulysmedia.kz

Ведомство басшысының сөзінше, Жаңаөзенде арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр.

"Өзенмұнайгаздағы" мемлекеттік сатып алуға байланысты мәселелер тергелуде. Биылғы келісімшарттарды орындау шарттары, еңбек қатынастарымен байланысты мәселелер жеткілікті деңгейде егжей-тегжейлі зерттеліп жатыр. Яғни, бұл мәселе мемлекеттік және жергілікті билік органдарының ұдайы бақылауында. Мұнай сервистік компаниялардың қызметкерлерімен тұрақты диалог жүргізіліп жатыр", - деді ол. 

Журналистер министрден "Адамдар әлі жұмысқа орналаспаған ба?" деп сұрады. 

"Жоқ, бұл жұмысшылардың бір бөлігі жұмысқа орналастырылды. 3 жылға дейін ұзақ мерзімді конкурстар жарияланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша мұнай сервистік компаниялар үшін жеңілдікті жұмыс жағдайларын белгілеу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Конкурстық рәсімдер аясында жеңіске жететін компаниялар осы қызметкерлерді жұмысқа орналастыру туралы міндеттеме алады. Қызметкерлердің бір бөлігі "Өзенмұнайгаз" компаниясында жұмысқа орналасу мәселесін көтеріп отыр", - деп қорытындылады ведомство басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу