Митингі кезінде 300-ден астам полиция қызметкері жарақат алды (Видео)

1678

Полиция және Ұлттық ұланның күшімен қоғамдық тыныштық пен азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылданды.

Митингі кезінде 300-ден астам полиция қызметкері  жарақат алды (Видео)

Митингі кезінде жекелеген адамдар әкімдіктер мен прокуратура өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, өзге азаматтардың тыныштығы мен өміріне, денсаулығына қауіп төндірді, құқықтық тәртіпті қорғаған полиция қызметкерлеріне қарсы келді, деп хабарлайды ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты полицияның және Ұлттық ұланның күшімен қоғамдық тыныштық пен азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылданды. Құқық бұзушылар полицияға әкелінді және сот тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде арнайы құралдар қолданғанын атап өту қажет. Барлық іс-шаралар заңға сәйкес жүргізілді, тәртіп сақшылары азаматтармен ара-қатынаста өздерін барынша әдепті ұстады.

Сонымен бірге акцияның жолын кесу кезінде 300-ден астам полиция қызметкері түрлі жарақат алды, бесеуіне медициналық көмек болды.

Наразылардың бұрышты баллон қолдану салдарынан жедел ден қою арнайы жасағы қызметкерінің екі көзін күйік шалды.

Басына тас тиген қызметкер миы шайқалған және бас жарақаты диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілді, ол бұл дене жарақатын Нұр-Сұлтан қаласында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде алды.

Сонымен қатар түнде Алматы қаласында заңсыз акцияға көліктерімен қатысқандар жол қозғалысын реттемек болған полиция қызметкерін қағып кетті. Дәрігерлер оның аяғы сынғанын анықтады.
Ішкі істер органдары бұдан әрі де қоғамдық тәртіп бұзушылықтардың жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады.

Видео: 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу