Митингіде журналистердің жүру тәртібі талқылануда

1032

Митинг пен бейбіт жиындарда журналистердің жұмысына кедергі келтіргендер жауапқа тартылады.  

Митингіде журналистердің жүру тәртібі талқылануда

Осы және өзге де тәртіптер жазылған Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы "Ашық Нормативтік құқықтық актілер" порталында қоғамдық талқыға түсуде, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Онда тілшілердің жұмысы мен қатар міндеттері де көрсетілген. Мәселен, бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері көк жейде киіп жүруі тиіс. Ондағы пресса деген жазу латын қарпімен әрі жарық шағылыстыратын лентада жазылуы керек. Сондай-ақ, медиа саласындағылардың білегінде дәл сондай жазуы бар ашық сары түсті таңғыш болуы шарт.

Айта кетейін, Қылмыстық кодекстің 158-ші бабына сәйкес тілшінің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендер 100 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Ал лауазымын асыра пайдаланып шек келтіргендер 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу