Митингіге қатысушылар мемлекетті басқару ісіне араласу құқын талап етуде

883

Жалпы митинг заң талаптарына сай өтіп жатыр.

Митингіге қатысушылар мемлекетті басқару ісіне араласу құқын талап етуде

Жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық адам Пушкин және Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы паркте рұқсат етілген бейбіт митингіге жиналды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Митингі сағат 11-де басталған.  Митингінің заңға сай өтуін полиция қызметкерлері қадағалауда..Сонымен қатар медицина қызметкерлері де осында жүр.

Бейбіт шараға келген азаматтар "АЭС-ке жол жоқ!", "Мемлекеттік тіл –қазақ тілі", "Жастарға жұмыс пен пәтер", "Жемқорлықтан құтыл" деген сияқты плакаттар ұстап алған. Негізінен әртүрлі мәселелерді көтеруде. Сөз алғандар халыққа мемлекетті басқару ісіне араласу құқын беруді, лайықты өмір сүру туралы талаптарын қойып жатыр.

Сөйлеушілерге негізінен 3-4 минут уақыт берілген.

Жалпы митинг заңды өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін хабарлағанымыздай, бейбіт митингі Алматыда да өтіп жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу