Митингіге шыққан әйел білегін тіліп жіберді

1909

Президенттік сайлау нәтижесіне көңілдері толмағандар "Астана" алаңына рұқсат етілмеген митингіге шыққан

Митингіге шыққан әйел білегін тіліп жіберді

Алматыда рұқсат етілмеген митингіде ұсталғандар саны өсті, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" оқиға орнынан.         

Тап қазір жүз адам ұсталды. Бұдан бұрын он шақты адамның ұсталғаны айтылған болатын. Акцияға қатысушыларды автобустарға салып әкетуде.     

Автобуста ұсталғандардың бірі білегін ұстарамен тіліп жіберген.          

Полицейдің айтуынша, әйел сөмкесінен  ұстарының жүзін алып шығып, білегіне жақын жерді  тіліп жіберген. Автобус тоқтатылып,  жедел жәрдем шақырылған. Автобустан шығарда әйел есінен танып қалып, келген дәрігерлер көмек көрсетті.    
Тап қазіргі уақытта алаң мен оған жақын саябақ полицейлер,  ШӘАО әскерилері мен Ұлттық ұлан әскерилерімен қоршауға алынған.         

Бұған дейін хабарлағандай,  дүйсенбі күні Алматыда өткен президенттік сайлау нәтижесіне көңілдері толмағандар "Астана" алаңына рұқсат етілмеген митингіге шыққан.       

9 маусым күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген акцияға қатысқан 500-ге жуық адам ұсталған болатын.  Митингіге  қатысушылар президенттік сайлауға байкот жариялауды талап етті .

ОСК –ің алдын ала мәліметі бойынша, мемлекет басшысын сайлауда қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  70,76% дауыс жинап, жеңіске жеткен. Сайлаушылардың учаскелерге келуі  77,4% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу