Митингке келгендер Канада премьеріне тас лақтырды

711

Үкімет басшысы зардап шеккен жоқ.  

Митингке келгендер Канада премьеріне тас лақтырды

Белгісіз біреулер Онтарио провинциясында өткен сайлауалды митингтен кейін Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдоға тас лақтырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz CTV телеарнасы cілтеме жасап. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Трюдо митингтен кейін автобусқа қарай бара жатқан тұста оған бір топ адамның ішінен әлдекімдер осылайша шабуыл жасамақшы болған. 

Тастардың біразы Трюдоға, қалғаны күзетшілерге тиген. Премьер-министр дін аман. 
Бұған дейін де Либералды партия көшбасшысы қатысқан шараларда наразылық танытқандар болған.Оның саясатын қолдамайтын азаматтар, соның ішінде Канада Халық партиясының жақтастары Трюдомен кездесуге келіп, мәжбүрлі вакциналауға қарсы шығып, канадалықтардың құқығы мен бостандығының сақталуын талап еткен. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу