Митрополит Александр қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

605

Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандық православтарды Рождество мерекесімен құттықтады.

Митрополит Александр қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

"Барлық қазақстандықтарды махаббат пен бірліктің мерекесі – Рождествомен құттықтаймын. Қазақстандықтардың дастарханы қашанда мол, аспандары ашық болсын. Қазақстанның кең байтақ жерінде бақыт, береке, бірлік орнасын. Рождество күндері біз осы індеттің таралуы тоқтаса екен деп, еліміз бен халқымыздың амандығын тілейміз. Жаңа жылға аяқ басқанда осы аурумен күресуге күш салып жатқан медицина қызметкерлерінің еңбегін атап өткіміз келеді", – деді ол. 

Оның сөзінше, биыл Қазақстан мен Орыс Правослап шіркеуі атақты тарихи тұлға князь Александр Невскийдің туғанына 800 жылдығын атап өтеді.

"Александр Невский есімімен байланысты айтулы мерейтой Қазақстан үшін өте маңызды. Себебі ол кезінде Қарақорымға барғанда қазіргі Алматы қаласы орналасқан жердерде болған. Сонымен қатар Александр Невскийге ескерткіш орнату туралы мәселе Мәдениет және спорт министрі, Алматы әкімімен талқыланып, қолдау тапты", – деді  митрополит. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу