"Миы қатты зақымданған": Екібастұзда жұмысшы биіктен құлап кетті

374

Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

"Миы қатты зақымданған": Екібастұзда жұмысшы биіктен құлап кетті Фото: google.com

Екібастұзда 54 жастағы ер адам биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтарда 15:36-да "Богатырь транс" ЖШС-нен биіктіктен құлау туралы қоңырау түсті.

"54 жастағы ер адам өндірістік жарақаттар алған. Ол ауыр дәрежедегі мидың жабық жарақаты, мидың зақымдану диагноздарымен Екібастұз қалалық ауруханаға жеткізілді", – деді станцияда. 

Павлодар облысының еңбек басқармасының хабарлауынша, алтыншы разрядты электр жабдықтарын жөндеу бойынша электрик темір ұстасы жұмыстарды орындау кезінде  2,5 метрден құлаған. Жазатайым оқиға бойынша тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу