"Миы шайқалған": Ақтөбеде тұрғындар автотұраққа таласып, төбелес шығарды

Полиция күдікті ретінде спортшы азаматты ұстаған.  

"Миы шайқалған": Ақтөбеде тұрғындар автотұраққа таласып, төбелес шығарды Фото: бейнежазбадан

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға былайша өрбіген. Ақтөбе қаласындағы автотұрақтардың бірінде тұрғындар арасында дау туындап, соңы төбелеске дейін жеткен. Оқиға барысында қатысушылардың бірі ауыр жарақат алған, оның миы шайқалғаны белгілі болып отыр. Медициналық көмек көрсетілгеннен соң жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Құқық қорғау органдары оқиғаның қалай болғанын, жанжалдың неден шыққанын және барлық қатысушының іс-әрекетін жан-жақты тексеріп жатыр. Тергеу аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданбақ.

Алдын ала дерек бойынша олар автотұраққа таласқан. Болмашы келіспеушіліктен басталған жанжал соңы адам денсаулығына зиян келтіретін іс-әрекетке ұласып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу