"Миы шайқалып, ота жасады": Ләйлә Сұлтанқызы атпен мінуді трендке айналдырған қыздарға үндеу жасады

447

Медиа маманы атқа шабу кезінде кейбір ескерілмейтін жайттарды қозғады.  

"Миы шайқалып, ота жасады": Ләйлә Сұлтанқызы атпен мінуді трендке айналдырған қыздарға үндеу жасады Фото: el.kz

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының көмекшісі атпен шабу кезінде құлап, ми жарақатын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Соңғы екі күнде Еркежанмен мың рет хабарласқан шығармын. Тіпті түсімде де жағдайын сұрап жүрмін. Атқа мінуді немесе шабуды жақсы көретін қыздар, жақындаңдар! Бұлай жасауға болмайтынын айтып беремін. Еркежанның фотосын көргенде қатты шошып кеттім. Осыдан бірнеше күн бұрын достарымен атқа шабуға барған. Сол жерде құлап, жарақат алды. Мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Ота жасалды. Бірінші рет атпен шауып тұрған жоқ. Бұрын да барып жүретінін білетін едім. Осы жолы қатты құлап, бәрімізді қорқытты”, – деді тележурналист. 

Сонымен қатар медиа өкілі бүгінде атқа шабу трендке айналғанын атап өтті. 

“Қазір қыз балаларының атқа мінуі немесе шабуы кең таралды. Астананың өзінде бірнеше орындар бар. Еркежан да бірнеше рет барып жүрген орталығына барып, шауып жүрген атына мінген. Қолхат жазып, жауапкершілікті өзіне алған. Менің айтқым келгені, денсаулыққа пайдалы болғанымен, қауіпсіздік бірінші орында. Бастысы – қауіпсіздік пен денсаулық. Атқа мінерде киетін баскиімі, беліне тағатын, байлайтын дүниелері болуы керек. Одан кейін тексерілген атқа отырыңыздар. Одан кейін заңды жұмыс істейтін орталыққа барған дұрыс”, – деп кеңес берді журналист. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу