МКК елдегі ірі салық төлейтін компанияларды атады

993

Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов бюджетке ірі көлемде салық төлеп отырған отандық және шетелдік компанияларды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

МКК елдегі ірі салық төлейтін компанияларды атады

"Бұл мәлімет құпия емес. Алдымен отандық компанияларға тоқталайын. Жыл басынан бері "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ – 151 млрд теңге, "Азиатский Газопровод" ЖШС шамамен 99 млрд теңге салық төледі. Сонымен қатар ірі салық төлегендердің арасында "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Қазцинк" ЖШС, CNPC сынды компаниялар бар", – деді Ануар Сүлейменов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол елде құрылтайшылары шетелдік компаниялар барын атап өтті.

"Олар да ірі салық төлеуші. Оған "Теңізшевройл" ЖШС, "Қарашығанақ" ЖШС, "Қашаған", "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС және тағы басқа компаниялар жатады", – деді департамент директоры.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу