ММА федерациясы Нұр-Сұлтандағы турнирде болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

751

Оқиғаның видеосы желіде тараған.

ММА федерациясы Нұр-Сұлтандағы турнирде болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтандағы аралас жекпе-жек турнирінде жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы желіде тараған еді. Осыған байланысты Жауынгерлік ММА жекпе-жегінің қазақстандық біріккен федерациясының операциялық директоры Илья Кириченко пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Роликті өз арнасында жариялаған адам оны сипаттай отырып, Қазақстан чемпионаты аясында болды дейді. Бірақ бұл кішкене басқаша. Турнир қалалық ашық жарыс еді. Автордың сөзінше, жанжал бір бапкер екіншісіне пышақ сілтегеннен шыққан. 

"Иә, жарыста болғандар арасында жанжал шықты, бірақ, ешқандай пышақтау болған жоқ. Бұл жағдай ойдан шығарылған. Оның үстіне мұндай деректі осы шарада тәртіпті қамтамассыз еткен ішкі істер органдары бірден тіркейтін еді. Ал техникалық регламентте залға кірмес бұрын көрермендер мен барлық қатысушаларды тексеру қарастырылған. Жанжалды турнирде болған полицейлер тоқтатты және кейін жағдайды анықтады. Төбелеске не себеп болғаны бізге беймәлім. Айта кетейін, жұдырық ала жүгіргендер бапкер де, спортшы да және біздің федерация қызметкерлері емес. Турнирді Нұр-Сұлтанның жауынгерлік аралас жекпе-жектің біріккен федерациясы ұйымдастырды және өткізді, жарыс қалыпты тәртіпте аяқталды", – дейді Жауынгерлік ММА жекпе-жегінің қазақстандық біріккен федерациясының операциялық директоры Илья Кириченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу