ММА мықтылары Алматыда шеберлік сабағын өткізді

810

ММА мықтылары Алматыда шеберлік сабағын өткізді

Ережесіз жекпе-жекке деген қызығушылық елімізде күн санап артып келеді, деп хабарлады 24.kz.

Қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде әртүрлі спорт клубтары ашылып, жастарымыз әлемдік ареналарда ел намысын асқақтатып жүр. Талай жігіттердің жолын ашқан Alash Pride кәсіпқой клубы да спортшылардың шеберлігін шыңдау мақсатында әртүрлі іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Дәлірек айтқанда, Евгений Егембердиев пен Асылжан Бақытжанұлы және Асу Алмабаев өздерінің ізбасарларына шеберлік сабағын өткізді. Таиланд жерінде дайындық жұмыстарын пысықтап қайтқан спортшылар алдағы болатын үлкен жарыста жанкүйерлерге жеңіс сыйлағылары келетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте "Алматы Аренада" Арман Оспанов бастаған жігіттеріміз әлем мықтыларымен айқасады. Бұл жекпе-жектерді сіздер "Хабар" арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу