ММА спортшысы суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп көз жұмды

469

Ол 30 жаста болған.  

ММА спортшысы суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп көз жұмды Фото: championat.com

Ыстықкөлде ММА спортшысы Медет Жээналиев суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған. Ыстықкөл аудандық полиция бөліміне 1995 жылы туған М.Ж. есімді азаматтың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Ол Бактуу-Долоноту ауылындағы демалыс үйлерінің біріне аялдаған.

Тексеру барысында сол күні ауыл жағажайында төрт жасөспірім қыздың шомылып жүргені анықталды. Солардың бірі суға батып бара жатқан кезде оқиға орнында болған спортшы мен оның досы қызды құтқару үшін көлге секірген.

Қыз бала құтқарылғанымен, ер адам суға батып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ер адамның денесін келесі күні таңертең анықтады. Қаза тапқан адамның ММА спортшысы, 30 жастағы Медет Жээналиев екені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу