Мұнай бағасы арзандай бастады

133

Әлемдік нарықта қара алтынның бағасы арзандай бастады.  

Мұнай бағасы арзандай бастады Фото: apa.az

Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың Давоста Греландия мен Иранға қатысты саяси ұстанымының жұмсаруымен байланысты болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Геосаяси тәуекелдердің әлсіреуі санкциялар алынған жағдайда мұнай экспортының өсуіне жол ашуы мүмкін. Бұл тек Ресейге ғана емес, Қазақстан мен Венесуэлаға да қатысты. Қазақстан шикізатын жөнелтуді шектеп тұрған Қара теңіздегі мұнай терминалындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, ал Венесуэладан экспорттық ағындар қайта жанданып жатыр. Осы факторлардың әсерінен наурыз айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстері шамамен 2,5 пайызға арзандап, баррелі 64 доллардан сәл жоғары деңгейде саудаланды.

Ал америкалық WTI маркалы мұнай бағасы 0,7 пайызға өсті.

Сарапшылар бағаның қазіргі төмендеуін уақытша құбылыс ретінде бағалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу