Мобильді ақша аударымына қатысты "жұртты дүрліктірген" сұрақтарға жауап

1952

Парлеметте қаралған заң жобасы тұрғындар арасындағы мобидьді ақша аударымына салық салуды көздемейді.

Мобильді ақша аударымына қатысты "жұртты дүрліктірген" сұрақтарға жауап

Kaspi.kz қазақстандықтарды толғандырған мобильді ақша аударымына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1. Мен жеке тұлғамын. Мобильді ақша аударымы туралы менің деректерім салық органдарына беріле ме?

Жоқ. Банк құпиясын сақтау талабына сәйкес сіздің ақша аударымыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Сіз бұрынғыдай жеке мақсатыңыз үшін ақша аудара аласыз және қабылдай аласыз.

Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер тек 2025 жылдан бастап беріледі. 2025 жылға дейін жеке кәсіпкер және мемлекеттік қызметкер болып саналмайтын жеке тұлғалар үшін өзгеріс жоқ.

2. Мобильді ақшаға аударымына шектеу қойыла ма немесе оған салық салына ма?

Жоқ. Жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымына салық салынбайды. Заң жобасы ақша аударымына жаңа салықтың немесе шектеудің пайда болуын көздемейді.

3. Кәсіпкер клиенттерден мобильді ақша аударымы арқылы ақша алса, оған салық салына ма?

Жоқ. Заң жобасы жаңа салықтың пайда болуын көздемейді. Кәсіпкерлік мақсатта мобильді ақша аударымын пайдалану қазірдің өзінде сатушыларды Қазақстан заңнамасына сай салық төлеу және фискалды чек беру міндетінен босатпайтынын атап өтеміз.

4. Мен жеке кәсіпкермін немесе компания басшысымын. Мобильді ақша аударым туралы менің деректерім салық органдарына беріле ме?

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу туралы заңға сәйкес жеке кәсіпкерге не компания басшысына тиесілі шоттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу туралы мәліметтер 2024 жылдан бастап беріледі. 

5. Парламентте қаралған заң жобасы нені көздейді?

Заң жобасы жеке тұлғалардың арасындағы мобильді ақша аударымына қатысты емес. 

Ол мобильді төлемдер ұғымын және жеке кәсіпкер мен заңды тұлғалар үшін тауарлар немесе қызмет көрсету үшін ақыны арнайы кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға қабылдау міндетін енгізуді көздейді. Мысалы, мұны тауарлар мен қызмет көрсету үшін ақы қабылдауға Kaspi Pay мобильді қосымшасы мен Kaspi QR-дың көмегімен қазірдің өзінде жасауға болады.

Еске салайық, Парламентте Салық кодексіне бизнес үшін мобильді төлемдерді реттеу туралы өзгерістерді қабылдаған. Кейін әлеуметтік желіде көптеген жеке кәсіпкер, шағын дүкендер иесі мен қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерлер биыл 1 желтоқсаннан бастап мобильді аударымдарды қабылдаудан бас тартып жатыр деген ақпарат тараған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу