Мобильді аударым: Қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салынбайды

293

Туыстар арасындағы аударымдарға да шектеу қойылмайды.

Мобильді аударым: Қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салынбайды Фото: Inbusiness.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдар арқылы қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салынбайтынын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Егер қаражат, мысалы, баланы емдеуге жиналса және әртүрлі адамдардан 100-ден астам транзакция жасалса, бұл жағдайда бізге тиісті ақпарат түседі. Біз ол адамға хабарлама жібереміз. Сол кезде ол ақшаны не үшін жинағанын және оны қайда бағыттағанын, кәсіпкерлік мақсатты көздемегенін айта алады. Бұл жағдайда салық міндеттемесі болмайды", - деді Біржанов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік бағыт немесе жарнама үшін салық міндеттемелері жүктеледі.

"Ал егер қайырымдылыққа бағытталған болса, онда ешқандай салық міндеттемесі болмайды. Сондай-ақ туыстар арасындағы аударымдарға да шектеу қойылмайды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу