Мобильді аударымдар: Банктерден деректерді алу бойынша дайындық жұмыстары басталды

1141

Мұндай мүмкіндік кәсіпкер банктік құпияны ашу туралы келісімге қол қойған жағдайда ғана қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Мобильді аударымдар: Банктерден деректерді алу бойынша дайындық жұмыстары басталды

Оның айтуынша, бұл барлық жеке кәсіпкерлердің банктік шоттарына аударымдар туралы мәліметтерді жаппай алуға қатысты емес. Мәселе, кірістер тіркелімін толтыру үшін кәсіпкердің банктік шотына аударымдардың қорытынды сомалары туралы мемлекеттік кірістер органдарының деректерді алу мүмкіндігіне қатысты.

"Мұндай мүмкіндік тек кәсіпкер банктік құпияны ашу туралы келісімге қол қойған жағдайда ғана қарастырылған. Тікелей мобильді қосымшада кәсіпкер электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, келісімді мақұлдайды. Мәліметтерді алу, деректерді салықтарды есептеуде пайдалану, декларацияны құру үшін кәсіпкердің қол қойылған келісімі қажет екеніне тағы да назар аударамын. Олай болмаған жағдайда, кәсіпкер қосымша кірістерді өз бетінше енгізетін болады", – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Сонымен қатар салықтық әкімшілендіру рәсімдерін оңтайландыру бағытында да жекелеген рәсімдерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу