Мобильді аударымдар бойынша жеке тұлғаларға хабарламалар жіберіліп жатқан жоқ - Данияр Жанәлінов

457

Қазіргі кезде деректер тек жиналып, өңделуде

Мобильді аударымдар бойынша жеке тұлғаларға хабарламалар жіберіліп жатқан жоқ  - Данияр Жанәлінов

Мемлекеттік кірістер комитеті биылдан бастап банктік деректерге сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілері бар тұлғалар туралы мәліметтерді ала бастады. Бұл туралы комитет төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі 

Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар операцияларға жеке тұлғаның қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан жеке банктік шотқа ақша қаражатын алуы болып табылады. 

Комитет төрағасының айтуынша қазір әлеуметтік желілерде осы мәселе бойынша жеке тұлғалардың атына комитет тарапынан келген хабарламалар туралы айтылып жүр. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті аударымдар бойынша ешқандай хабарламалар жіберген жоқ, бұл жалған ақпарат. Қазіргі уақытта келіп түскен деректерді тек өңдеп, талдануда ғана екен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу