Мобильді аударымдарды тексеру: "Әзірге екінші деңгейлі банктермен ақпараттық алмасуды жолға қойып отырмыз"

981

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында айына 100-ден аса мобильді аударым жасайтын адамдарды тексеруге қатысты пікір білдірді.  

Мобильді аударымдарды тексеру: "Әзірге екінші деңгейлі банктермен ақпараттық алмасуды жолға қойып отырмыз" Фото: inbusiness.kz

Оның сөзінше, бүгінде мемлекеттік кірістер комитеті екінші деңгейлі банктермен ақпараттық алмасуды жолға қойып отыр.

"Біз екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасуды жолға қойып отырмыз. Әзірге қандай да бір нәтиже жоқ. Мониторинг жүргізейік, қоғамды даурықтырмайық. Себебі бұл 2025 жылға дейін жоспарланған жұмыс", - деді министр.

Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына тексеру әлі жүргізілмейтінін атап өтті.

"Ешқандай тексеру болмайды, адамдар мен бизнеске ешқандай қысым болмайды. Мен сіздерге кепілдік беремін", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу