Мобильді аударымнан бас тартқан кәсіпкерлер халықты әбігерге салды

349

Атыраулық кәсіпкерлер халықты әбігерге салды.

Мобильді аударымнан бас тартқан кәсіпкерлер халықты әбігерге салды Фото: pxhere

Салықтан жалтарғысы келген бизнес иелерінің дені мобильді аударымнан бас тартып, қолма-қол ақша талап етіп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Онлайн төлемге еті үйренген жұрт оның дұрыс еместігін айтып, наразылық білдірді. Тұтынушы құқығын бұзған кәсіпкерлерге шара қолданыла ма?

Қарашаның қолма-қол ақшадан қол үзіп, мобильді аударымға көшкелі қашан. Ұялы телефонның көмегімен-ақ біраз уақыт үнемдейтін. Жаңа жылдағы жаңалық тарағалы, кәсіпкерлер мобильді аударым қолдануды тыйды. Бірақ бұл жұртқа жақпады.

Биылдан бастап жауаптылар тұрғындардың мобильді аударымдарын бақылауға алады. Бірақ, бәрінікі бірдей тексеріледі деген сөз емес. Азаматтың бір айдағы аударымы 100 ден асса ғана назарға ілінеді. Бұл арқылы заңсыз табыс табатын кәсіпкерлерді анықтамақ.

"3 айдың ішінде әр түрлі салық төлеушіден түскен болса, солар тексеріске жатады. Ол бірақ 2025 жылы 24-ші жылдың қорытындысы бойынша тексеріледі. Жалпы дүкендегілер болса, оларда QR оплата бар немесе кассовый аппаратпен төлем жасауы керек. Аударым мүлде болмайды", - дейді Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Серіккерей Қуанов.

Бизнес иелерінің де өз айтары бар. Аударымдар тыйылса, өзге төлем түрінен проценттер еселеніп ұсталады дейді олар. Осылайша кіріс те азаяды деп ренжулі.

"QR-ға аудару үшін біздің күнделікті түсірген табысымыздан ақша ұстап тұр. Каспий голдтағылар байып отыр. Бізге ол тиімсіз. Бізде дым қалмайды,  қалтамызды сорып жатыр", - дейді кәсіпкер.

Аударымдары тексерілетінімен қоймай, декларация тапсыруға міндеттеледі. Салықшылар оны майшаммен қарап, заңсыз тұсын анықтайды. Ал, тұтынушы құқығын бұзып, төлемді банк картасы не  QR-мен қабылдамаса, бірінші рет ескерту алып, кейін әкімшілік жауапқа тартылады. Тіпті 150 мың теңге шамасында айыппұл арқалауы да мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу