Мобильді байланыс компаниясының қызметкері 32 метр биіктен құлап кетті

297

Ақмола облысында биіктігі 32 метр мұнараның төбесінен құлап, аяғын сындырып алған мобильді байланыс қызметкері құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мобильді байланыс компаниясының қызметкері 32 метр биіктен құлап кетті Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған.

Жылу орталығының биіктігі 32 метр мұнарасының жоғары тұсында орналасқан ұялы байланыс антеннасын жөндеу кезінде мобильді байланыс компаниясының қызметкері абайсызда құлап кеткен.

"Ер адам үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлап, аяғын сындырып алды. Зардап шеккен адамды Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары автокранның көмегімен жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу