Мобильді интернет тарифтері қаншаға қымбаттайды?

211

Цифрлық министрлік бұл мәселе құзыретімізге кірмейді деп отыр.

Мобильді интернет тарифтері қаншаға қымбаттайды? Фото: canva.com

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Сенат кулуарында осы тақырыпқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қаншаға өсетінін айта алмаймын. Тағы да қайталап айтамын, біз тарифтерді реттей алмаймыз. Бізде ондай құзырет жоқ. Тиісінше операторлар тарифті қаншаға өсіретінін айта алмаймын. Бұл олардың заңды құқығы. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, олардың қызметіне араласа алмаймыз. Бізде тарифтерге қатысты бақылау жоқ", – деді вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу