Мобильді құрылғыларды верификациялаумен мемлекеттік компания айналыспақ

193

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.  

Мобильді құрылғыларды верификациялаумен мемлекеттік компания айналыспақ Фото: tenginews.kz

Қазақстанға әкелінетін ұялы телефондардың IMEI-кодтарын верификациялау енді мемлекеттік компанияның құзыретіне берілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселе Үкімет деңгейінде қаралып, мемлекеттік монополияға көшу туралы шешім қабылданған.

Осыған дейін абоненттік құрылғылардың IMEI-кодтарын тексеруді жекеменшік "ATS Mediafon Kz" ЖШС жүзеге асырып келген. Импорттаушылар әрбір елге әкелінген телефон үшін 1 АЕК көлемінде төлем жасауға міндетті болған.

Айта кетейік, 2025 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстанда шетелден сатып алынған барлық телефондарды міндетті түрде тексеру ережесі күшіне енді. Бұл талап заңсыз импорттың алдын алу мақсатында енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу