Мобильді топтар елорданың ойын-сауық мекемелерінде бұзушылықтарды анықтады

825

Карантин және шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мобильді топтар елорданың бірқатар ойын-сауық орындарында жұмыс режимінің бұзылуын анықтады. 

Мобильді топтар елорданың ойын-сауық мекемелерінде бұзушылықтарды анықтады

"18 желтоқсанда мониторинг тобы кешкі аралау кезіндетЕсіл ауданының полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге ШОБ нысандарында карантин режимінің сақталуын тексерді: "Bla Bla" бар, Тұран даңғылы, 24; "Золото" мейрамханасы, Тұран даңғылы 21; "Dark Side" бары Мәңгілік д-лы, 52а; "Icon" клубы, Тұран даңғылы, 21; "Tequila" лаундж бары, Жекебатыр к-сі, 49; "Aura club ALANYA" түнгі клубы, Тұран даңғылы, 2. Бұл нысандардың барлығы жұмыс кестесін бұзған", - деп хабарлады Есіл ауданының әкімдігі.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жедел хабарламалар жасалды, кәсіпкерлерден түсіндірме алынды.

Бүгінгі таңда бірқатар түнгі клубтар мен мейрамханаларға қатысты бұйрықты орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілді. Олар "SOVA" караоке-бары, "Жаным Сол" караоке-бары, "Alanya" түнгі клубы, "Teqila" лаундж-бары, "Echo" бары, "Золото" мейрамханасы.

"Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы өкілдері соттан жоғарыда аталған нысандар қызметін 3 айға дейін тоқтата тұру түріндегі қосымша жазаны қолдану туралы өтінім жібереді", - деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.

Айта кету керек, елордада мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшеде және көпқабатты үйлердің аулаларында, әсіресе ойын-сауық мекемелерінің аумағында және басқа да азаматтардың жаппай демалатын орындарында патрульдер ұйымдастырылған. Патрульдік жасақтардың тығыздығы да арттырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу