Мобильді жұмыспен қамту орталықтары тиімділігін дәлелдеді – Ербол Үстеміров

2556

8 228 ұйымға сауал жолданды.

Мобильді жұмыспен қамту орталықтары тиімділігін дәлелдеді – Ербол Үстеміров

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы еңбек нарығындағы ахуалды сараптау үшін шағын, орта және ірі бизнес субъектілері арасында сауалнама жүргізді. Бұл туралы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров мәлімдеді. 

"131мың адам жұмыс істейтін 8 228 ұйымға сұрау салынып, сауал жолданды. Сауалнаманың алғашқы кезеңінде орта және ірі бизнес субъектілерінің өкілдері қызметкерлерінің 13%-ын жұмыстан шығаруға бел буып отырғанын айтты. 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатыны анықталған кезде жұмыссыз қалатындардың көрсеткіші 9%-ға қысқарды. Бұл –12 мың адам. Сауалнама барысында  46 мың қызметкердің ақысыз демалысқа жіберілетіні анықталды", – деді Ербол Үстеміров.

Осыдан соң ол халықты жұмыспен қамту және төтенше жағдайдың салдарын жұмсарту үшін мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жүрген адамдарға жұмыс ұсынып жатқанын жеткізді.  

"Былтырдан бері "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, мобильді жұмыспен қамту орталықтары жобасын жүзеге асырып жатыр. Төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысының Қордай ауданында қызмет көрсетіп жатқан 31 мобильді жұмыспен қамту орталығы өзінің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеді. Төтенше жағдай кезінде осы орталықтар арқылы 894 адамға жұмыс ұсынылды. Олардың 174-і жұмыспен қамтылды", – деді Ербол Үстеміров. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу