"Мобильдік мұғалім","Уақытша отбасы" пилоттық жобасын енгізу көзделуде

1975

Жаңа бағдарлама шеңберінде мектептер жаңа модификациялы STEAM, физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен толық қамтамасыз етіледі.

"Мобильдік мұғалім","Уақытша отбасы" пилоттық жобасын енгізу көзделуде Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында БҒМ басшысы қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқартуға қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Қалалық және ауылдық мектептер, өңірлер, оқу орындары арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту бойынша жетекшілік етуді, "Мобильдік мұғалім","Уақытша отбасы" пилоттық жобасын енгізуді, ауылдық мектептерден дарынды балаларды анықтау және қолдау мен ауылдық жалпы білім беретін мектептерді оқыту материалдарымен, компьютерлік жабдықтармен және цифрлық техникамен жарақтандыруды көздеп отырмыз", – деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында. 

Министрдің баяндамасында айтылғандай, білім беру ұйымдарын кеңейту, үш ауысымды мектептер мен оқушы орны тапшылығын жою және апаттық мектептерді азайтуды шешу мақсатында 650 мыңнан астам орынға жаңа мектептерді мемлекеттік бюджет қаражатына және жеке инвестиция тарту арқылы салу жоспарлаған. Сонымен қатар, ауыл мектептерін қолдау бойынша тірек мектептер үшін 114 интернат салу, қолданыстағы  интернаттардың жағдайын жақсарту, 150-ден астам оқушы оқитын мектептерге 724 спортзал салу да көзделген.

Министрдің пайымдауынша, жаңа бағдарлама шеңберінде барлық мектеп жаңа модификациялы STEAM, физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен толық қамтамасыз етіліп, педагогтер компьютермен 100 пайыз қамтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу