Мобилограф Қыран Талапбек "Құрмет" орденін алды

386

Жаңалықты кәсіпкер Сырымбек Тау жеке парақшасына жүктеді.  

Мобилограф Қыран Талапбек "Құрмет" орденін алды Фото: instagram.com/syrymbek_tau/

Танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек “Құрмет” орденімен марапатталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Жаңалықты кәсіпкер Сырымбек Тау жеке парақшасына жүктеді. 

“Сүйінші! Құтты болсын “Құрмет”. Лайықсың!”, – деп жазды кәсіпкер.

Алайда мобилограф Қыран Талапбектің өзі марапатын жеке парақшасына бөліскен жоқ. 

Айта кетейік, мобилограф Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген бірқатар ел басшыларын видеоға түсірді. 

Басқа президенттер мобилографтың бейнежазбасын қабылдамаса да, Моңғолия басшысы аталған коллаборацияны бірге жариялауға келісімін берген.

"Түрік басшысы қабылдамай жатыр. Отбасымызбен күтіп отырмыз”, – деп жазған еді Қыран Талапбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу