Мобилографиямен айналысатын өскемендік өрт сөндіруші өнерімен тәнті етті

Өскемен қаласының №8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Бекжан Сайлаубаев 2017 жылдан бастап өзі жұмыс істейтін мекеменің жұмысы жайлы кәсіби бейнероликтер түсіреді деп жазады inbusiness.kz

Мобилографиямен айналысатын өскемендік өрт сөндіруші өнерімен тәнті етті Фото: instagram/ogneborcy_uka166

Мобилография – Бекжанның хоббиі. Өрт сөндіруші түрлі форматта бейне роликтер түсіреді, өзі монтаждайды және барлық материалды тікелей оқиға орнына барған кезде жинақтап, кейін өрт сөндіру бөлімінің instagram парақшасында жариялайды екен.

Ол осы арқылы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы өте күрделі және қауіпті екенін көрсетуге тырысыпты.

"Таяқтың екі ұшы бар. Біздің мамандығымыздың өз қиын тұстары мен қауіпті тұстары көп. Мен жұмыс күндерімізді біздің көзімізбен көрсетуге тырысамын. Жауынгерлік кезекшілікке кіріскен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күн сайын басқа адамдарды құтқару үшін өз өмірлеріне, денсаулығына қауіп төндіреді. Мысалы, қазір өрт қауіпті маусымда, орман және дала өрттері өршіп тұрған кезде, жігіттер бірнеше апта жұмыс істейді, түнде ұйықтамайды, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін отпен күреседі", – дейді Бекжан Сайлаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу