Moderna Pfizer және BioNTech-ті сотқа берді

691

Biontech және Pfizer Moderna техгологиясын "ұрлап", оны әлі күнге дейін қолданып жүрген көрінеді.

Moderna Pfizer және BioNTech-ті сотқа берді

Америкалық Moderna фармацевтикалық компаниясы Pfizer және BioNTech компанияларымен соттасады. Компания оларды COVID-19 дертіне қарсы вакцинаны жасау барысында оның технологиясын қолданды деп айыптады.

"Біз ойлап тапқан аРНҚ инновациялық технологиялық платформасын қорғау үшін Pfizer және BioNTech-ті сотқа бердік. Оны жасауға миллиардтаған доллар жұмсалды, COVID-19 пандемиясының алдында патенттеп үлгерген едік",– деді Moderna басшысы Стефан Бансель.

Оның айтуынша, Biontech және Pfizer Moderna техгологиясын "ұрлап", оны әлі күнге дейін қолданып жүрген көрінеді. 

Компания Массачусетс штатындағы АҚШ-тың округтік сотына және Biontech штаб-пәтері орналасқан Германия елінің сотына шағым түсірді.

Moderna басшылығының айтуынша, Biontech және Pfizer вакцинасы Moderna препаратымен бірдей, олардың аРНҚ вакциналары ағзаға бірдей әсер ететін көрінеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу