Moderna вакцинасының жанама әсері анықталды

1477

12 адамның терісі бөрткен.

Moderna вакцинасының жанама әсері анықталды

Америкалық  Moderna вакцинасының жанама әсері анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы New England Medicine журналына сілтеме жасап. Жергілікті мамандардың зерттеуіне сүйенсек, препараттың әсері, яғни терінің қабынуы біраз уақыттан кейін байқалуы мүмкін.

"Осындай 12 жағдай тіркелді. Препарат егілген жерде біраз уақыттан кейін бөрту белгілері пайда болды", – деп жазылған зерттеу нәтижелерінде.

Дәрігерлердің айтуынша, препараттың алғашқы дозасы егілгеннен кейін орташа есеппен алғанда сегіз күн өткен соң осындай қабыну байқалған. Кей науқастың терісі төртінші күні бөрте бастаған. Бірақ мұндай жанама әсерлерге қарамастан, мамандар пациенттерді вакцинаның екінші дозасын қабылдау керектігін айтып отыр. 

Бұған дейін АҚШ билігі Нью-Йорк штатында коронавирусқа қарсы вакцина ектірген 23 адамның өлімін тергеуді бастаған. Ал қаңтарда Швейцарияда Pfizer вакцинасын ектірген бес адам қайтыс болған еді. Оңтүстік Кореяда да AstraZeneca препаратын қабылдаған бірнеше тұрғынның өлім жергілікті билік зерттеп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу