Модульдік ауруханаларға қатысты 2 іс қаралып жатыр

1052

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 1-департаментінің басшысы Мұрат Ахметов Алматы, Шымкент модульдік ауруханаларына жұмсалған қаржыға қатысты іс тексеріліп жатқанын жариялады.  

Модульдік ауруханаларға қатысты 2 іс қаралып жатыр

"Модульдік ауруханалар бойынша агенттікте 2 іс бар. Тек Алматы емес, Шымкент қаласында да тергеу жүріп жатыр. Жүргізілген мемлекеттік аудит актілерінің нәтижесінде белгілі бір сома анықталып, оған сараптама тағайындалды. Олар аяқталғаннан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Бұл сома бастапқы, тек анықталғаны ғана және сарапшылардың қарауында. Мемлекеттік сараптама жобалық-сметалық құжаттама бойынша жүргізіліп жатыр", – деді Мұрат Ахметов.

Департамент басшысының баяндауынша, кінәлілер тергеу барысында анықталса, күдіктілер дәлел негізінде белгілі болады. 

"Аурухана құрылысының құнын негізсіз көтеруге қатысты да сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптама 1-2 айға созылады. Бұл фактіге қатысушылардың барлығы тексеріледі", – деді Мұрат Ахметов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу