"Мойнақ ГЭС" АҚ 148 млн долларлық несиесін теңгеге аударды

1257

"Самұрық-Энерго" кредиттік тәуекелдің "жасыл аймағына" шықты.

"Мойнақ ГЭС" АҚ 148 млн долларлық несиесін теңгеге аударды

Fitch Ratings халықаралық агенттігі "Самұрық-Энерго" компаниясының ұзақ мерзімді рейтингін "ВВ" деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Былтыр "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы шетелдік валютадағы несиелерін теңгеге аударудың арқасында тәуекелдерді біршама төмендеткен. Бұл туралы компанияның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов айтты.

"2020 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының кредиттік тәуекелі "жасыл аймаққа" кірді. Экономикалық жағдайдың айтарлықтай өзгеруіне, оның ішінде COVID-19 пандемиясының әсеріне қарамастан, компанияның қаржылық тұрақтылығы жақсарды. "Жасыл аймаққа шығу үшін борыш пен валюталық несиелер деңгейін төмендетуге арналған шаралар іске асырылды. Бірінші кезекте әңгіме "Мойнақ ГЭС" АҚ-ның 148 млн доллар болатын, "Екібастұз ГРЭС" АҚ-ның шамамен 100 млрд теңге болатын валюталық кредиттерін теңгеге аудару туралы болып отыр. Осы жұмыстың нәтижесінде валюталық несиелердің үлесі 1,5 пайызға дейін төмендетілді. Fitch Ratings халықаралық агенттігі "Самұрық-Энергоның" ұзақ мерзімді рейтингін тұрақты болжаммен "ВВ" деңгейінде растады", – деді ол брифингте. 

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу