Мойнақ СЭС жаңа атауға ие болды

1378

Оған энергетика саласындағы маңызды жобасының іске асырылуына өлшеусіз үлес қосқан Оразалы Қантаевтың есімі берілді.

Мойнақ СЭС жаңа атауға ие болды

Мойнақ СЭС жаңа атауға ие болды, деп хабарлайды  "Самұрық-Энерго" АҚ-ның үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

Мойнақ СЭС-іне станцияның алғашқы бас директоры, нысан құрылысына басшылық жасап, республиканың энергетика саласындағы маңызды жобасының іске асырылуына өлшеусіз үлес қосқан Оразалы Қантаевтың есімі берілді.

Осы нысанға үзеңгілес әріптесінің есімі берілуіне Қазақстанның ардагер-энергетиктерінің кеңесі бастама жасаған болатын. Өтініш ҚР энергетика министрлігі тарапынан қолдау тауып, "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді.

СЭС-тің бірінші энергоблогы 2011 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген болатын, өкінішке қарай Оразалы Дәулетиярұлының өзі нысанның іске қосылғанын көре алмады, өйткені соның алдында ғана ол өндірістегі жүктеме салдарынан ауыр науқастан көз жұмған еді.

Станция Алматы облысының Райымбек ауданындағы Шарын өзенінде орналасқан. Бұл нысан – бүгінде Қазақстанның БЭЖ Оңтүстік аймағындағы (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары) электр энергиясының тапшылығын азайтуға, ең жоғары жүктемелерді жауып, энергия жүйесіндегі қуатты реттеуге қатысты міндеттерді ойдағыдай шешіп отырған серпінді жоба. Кәсіпорынның жоба бойынша орташа жылдық электр энергиясын өндіру көлемі  – 1,027 млрд кВтс.  

2018 жылдың 7 айында СЭС 649 миллион кВтс электр энергиясын өндірді.  Тұтас алғанда екінші энергоблок 2012 жылы пайдалануға берілген сәттен бастап су электрстанциясы 5,9 млрд кВтс-қа жуық электр энергиясын өндірген.

Мойнақ СЭС-інде әлемдегі су электр станциялары арасында 1 МВт қуат өндіру үшін жұмсалатын судың шығыны бойынша ең үздік көрсеткіштердің біріне ие – секундына 0,25 шаршы метр. Салыстырар болсақ: Қазақстандағы ең ірі СЭС – Ертіс өзеніндегі Шүлбі СЭС-інің үлес шығыны 5 м3/с/МВт тең, ал Түркістан облысындағы Сырдария өзеніндегі Шардара СЭС-інің үлес шығыны – 7,5 м3/с/МВт. Станцияда техникалық көрсеткіштері мен тиімділігі жоғары, соңғы модификациядағы су агрегаттары орналастырылған.

Бүгінде Мойнақ СЭС Кеңсу өзеніндегі судың бір бөлігін Бестөбе су қоймасына ағызу арқылы станция өнімділігін жылына 100 млн кВтс  арттыруды жоспарлап отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу