Мойындалмаған Приднестровье республикасы Молдоваға қарсы Ресейден көмек сұрады

292

Приднестровьенің дабылына Ресей билігі жауап берді.  

Мойындалмаған Приднестровье республикасы Молдоваға қарсы Ресейден көмек сұрады Фото: Деловой Петербург

Мойындалмаған Приднестровье республикасы Молдованың экономикалық блокадасына байланысты Ресейден көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК басылымына сілтеме жасап.

Приднестровьеде барлық деңгейдегі депутаттардың съезі өтіп, депутаттар Молдованың кедендік баж салығын енгізуіне байланысты Ресейден, БҰҰ мен ЕҚЫҰ-дан көмек сұрады.

"Федерация кеңесі мен Ресей мемлекеттік думасына Приднестровьеде 220 мыңнан астам ресейлік азаматтың тұрақты тұратынын және Ресейдің Днестрдегі бітімгершілік қызметінің оң тәжірибесін ескере отырып, Молдова тарапынан қысымның күшеюі жағдайында Приднестровье аймағын қорғау шараларын жүзеге асыру туралы өтінішпен жүгіну туралы шешім қабылданды", – делінген қарарда.

Приднестровьенің дабылына Ресей билігі жауап берді. Ресей сыртқы істер министрлігі Тираспольден түскен барлық өтініштерді Ресейдің тиісті органдары мұқият қарастыратынын мәлімдеді.

"Приднестровье тұрғындарының, біздің отандастарымыздың мүдделерін қорғау басым бағыттарымыздың бірі. Барлық өтініштерді Ресейдің тиісті органдары мұқият қарайды", – делінген Ресейдің сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу