Мойынқұмдағы өрт аумағы 34 гектарға жетті

849

Өрт сөндірушілердің өртпен алысқанына төрт күн болды.

Мойынқұмдағы өрт аумағы 34 гектарға жетті

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта "Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ аумағында құмды жердегі құрғақ шөп пен сексеуіл жанып жатқанына төрт күн болды. Өртті сөндіруге ТЖД, "Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Қосқұдық, Қордай және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері" КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 233 адам және 50 бірлік техника, "Қазавиаорманкүзеті" РМК МИ-2 тікұшағы жұмылдырылған.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 34 мың га аумақты шарпыған.

"Елді мекендерге қауіп жоқ. Барлық күштер мен құралдар қарауылдау жұмыстарын жүргізуде. Өрт орнында екпіні секундына 10 метрге дейін жететін жел тұрып тұр, ауа температурасы +36 градус",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу