Мойынты – Қызылжар теміржол желісінің құрылысы 93 пайызға аяқталды

325

Бұл нысан Орта дәліздің маңызды бөлігіне айналып, жүк тасымалын жеделдетуге мүмкіндік береді.  

Мойынты – Қызылжар теміржол желісінің құрылысы 93 пайызға аяқталды Фото: Бейнероликтен

Мойынты – Қызылжар жаңа теміржол желісінің құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көлік-логистикалық әлеуетті арттыру және халықаралық тасымалдарды дамыту мақсатында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұзындығы 323,3 шақырым болатын жаңа теміржол желісі Ұлытау және Қарағанды облыстарының аумағы арқылы өтеді. Ол Транскаспий халықаралық көлік бағының (Орта дәліз) маңызды бөлігі болмақ.

Қазіргі таңда жер жұмыстарының 93 пайызы аяқталған. 202,5 шақырым темір жол төселіп, 96 су өткізу құбыры мен жеті көпір салынды. Құрылысқа 2 мыңға жуық маман және 700-ге жуық арнайы техника тартылған.

Жаңа желі тасымалдау бағытын 149 шақырымға қысқартып, Мойынты мен Жарық станцияларындағы локомотив ауыстыру қажеттілігін жояды. Бұл жүктерді жеткізу уақытын қысқартып, тасымал тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу