Мойынты – Сарышаған жол учаскесінде бидай тиелген вагондар аударылды

1427

Салдарынан 6 жолаушылар пойызының қозғалысы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Мойынты – Сарышаған жол учаскесінде бидай тиелген вагондар аударылды

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің дерегінше, апатқа ұшыраған жүк пойызы Ауғанстанға бара жатқан. 

"1 ақпанда сағат 13:55-те осы учаскеде жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кетті. Вагондарға бидай тиелген. Оның рельстен шығып кетуіне вагонның бүйір рамасының сынуы себеп болған. Апат орнында Сарышаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Апат салдарынан 6 жолаушылар пойызының қозғалысы шектелген: N45/46 "Павлодар – Шымкент", N51/52 "Орал – Алматы-2", N105/106 "Алматы-2 – Петропавл", N712/711 "Шымкент – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол", N3/4 "Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол", N9/10 "Алматы-1 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол".

"Пойыздардың кешігуіне байланысты "Нұр-Сұлтан-Сарыағаш" бағытындағы жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін "Шымкент – Сарыағаш" учаскесінде "Шымкент – Сарыағаш" бағытындағы 501/502 бір реттік рейс ұйымдастырылды", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы станциясында бір жолдан пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу