Молдавия президенті болып Майя Санду сайланды

460

Сайлауға халықтың 52,76%-ы қатысқан.

Молдавия президенті болып Майя Санду сайланды

Молдавияда өткен президенттік сайлауда Майя Санду жеңіске жетті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша ол дауыстың 56,91%-ын, ал қарсыласы Игорь Додон 43,09%-ын жинаған.  

Нақтырақ айтқанда, өз таңдауын жасаған халықтың 910 мыңы Сандуды, 689 мыңы Додонды қолдаған. Енді сайлау комиссиясы шет елдерде орналасқан 20 учаскенің протоколдарын есептейді. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Сандуға басқа мемлекетте жүрген ел азаматтарының 92%-ы дауыс берген. 

Еске сала кетсек, 15 қарашада Молдавиядағы президенттік сайлаудың екінші айналымы өткен еді. Саяси тартыс "Әрекет және ниеттестік" партиясының көшбасшысы Санду мен қазіргі мемлекет басшысы Додон арасында болды. Сайлауға халықтың 52,76%-ы қатысқан. 

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу