Танымал өнер иесі Мөлдір Әуелбекованың сахна әлемінен кетуді ойлап жүргені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мөлдір, өнерден кетсем бе деп ойланып жүр екен. Қыз балаға қиындау, дейді", - деп жазды белгілі әнші Ғаділбек Жаңай.
Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі видеодан Мөлдір Әуелбекова мен Ғаділбек Жаңайдың дастарқан басында отырғанын байқауға болады.
Ал желі қолданушылары сүйікті әншісінің бұл жаңалығына жарыса пікір қалдырып, Мөлдір Әуелбекованың сахнадан кеткенін қаламайтынын жеткізді.
""Құдайдың берген өнерін тұншықтыруға болмайды", "Дауысы керемет", "Сағынамыз", "Соңғы кезде көрінбей кетті", "Кетпесін", "Дауысы жақсы"", - деп жазды әншінің жанкүйерлері.