Каратеден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбаева ел қоржынына кезекті жолдаманы салды, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әлемдік іріктеу жарысында жолдамаға ие болды.
Айта кетерлігі, бұл каратеден Қазақстан қоржынындағы екінші лицензия. Бұған дейін Дархан Асаділов мерзімінен бұрын Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу