Молдова АҚШ-тан әскери көмек алды

298

АҚШ әскери техниканы "Ұлттық армияны модернизациялау және Молдованың қорғаныс қабілетін арттыру аясында" сыйға тартты. 

Молдова АҚШ-тан әскери көмек алды Фото: www.aa.com.tr

АҚШ әскери техника партиясын Молдова армиясына тапсырды. Ақпаратты АҚШ-тың Кишиневтегі аккредиттелген дипломатиялық миссиясы да, Молдова Қорғаныс министрлігі де растады, деп хабарлайды Inbusiness.kz МОЛДПРЕС баспасына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, АҚШ әскери техниканы "Ұлттық армияны модернизациялау және Молдованың қорғаныс қабілетін арттыру аясында" сыйға тартты.

Кишиневтегі АҚШ елшілігі мәлімдемесінде "соңғы 31 жылда АҚШ үкіметі АҚШ-тың еуропалық қолбасшылығы арқылы" ұлттық армияның "әскери қызметшілеріне әскери көмекке және оқытуға 123 миллион доллардан астам және қазіргі Молдова Үкіметі мен бұрынғы билік басындағылардың өтініші бойынша "36 миллион доллардан астам гуманитарлық көмек бөлді" деп атап өтті.

"Молдова Республикасына Қорғаныс құралдарын жоспарлы түрде жеткізу туралы келісім 2019 жылы жасалды және Америка Құрама Штаттарының Молдова билігімен барлық азаматтар үшін гүлденген, демократиялық әрі қауіпсіз болашақ үшін ынтымақтастығының бір түрі ғана", - делінген Кишиневтегі АҚШ Елшілігінің хабарламасында.

Әскери техника Кишиневке әуе көлігімен жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу