Молдова ауа-райының қолайсыздығына байланысты жарықсыз қалды

289

Республикада электр қуаты өшірілді. 

Молдова ауа-райының қолайсыздығына байланысты жарықсыз қалды Фото: newsMaker

26 шілдеге қараған түні Молдованың солтүстігі мен орталығына қатты жел көтеріліп, найзағай соқты. Жол қозғалысы қиындады. Кишиневтің кейбір аудандары жарықсыз отыр, деп жазады Inbusiness.kz.

Өткен түні ауа-райының нашарлауына байланысты полиция тұрғындардан үйлерінен шықпауды сұрады.

"Азаматтардан үйден шықпауын сұраймыз. Көшелерде ағаштар құлап, электр сымдары үзіліп жатыр. Көліктеріңізді қауіпсіз жерге қойыңыздар", — деп кеңес берді ІІМ.

Аудан орталықтарында желден үйлердің шатыры ұшып, электр желілері үзілді, ағаштар құлап жатыр. Қазіргі уақытта билік жағдайды түзету үшін қажетті шараларды қабылдауда.

Төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспектордың (GICHS) аумақтық бөлімшелерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 13 елді мекенде құтқарушылар жұмысқа кіріскен. Жедел деректер бойынша, сағат 06.00-ге дейін апаттан зардап шеккен елді мекендерде құтқарушылар қолайсыз ауа-райының салдарын жою бойынша 100-ден астам іс-шараларды орындады. Қазіргі уақытта елдің солтүстігінде 49 арнайы техникасы бар 195-тен астам құтқарушы дауылдың салдарын жоюмен айналысады. Зардап шеккендер жоқ.

Мемлекеттік гидрометеорологиялық қызметтің болжамы бойынша, сәрсенбіде Молдавияда ыстық ауа-райы сақталады, солтүстік және орталық аудандарда найзағай соғып, жаңбыр болуы мүмкін. Термометрлердің бағандары +35...+37°C көрсетеді.

Дегенмен Кишинев әкімі Ион Чебан мемлекеттік гидрометеорологиялық қызметтің жұмысына наразылығын білдірді.

"Егер Гидрометеорологиялық қызмет ауа-райының қолайсыздығы туралы алдын-ала хабарласа, біз бәріміз жақсы дайындалатын едік. Бірінші рет емес, болжамдары үнемі қате болып шығады. Дәл бір жыл бұрын, тамыз айында ауа райы қызметі Кишиневтің екі секторына қатты зақым келтірген дауыл туралы хабарлаған жоқ", - деп жазды әкім әлеуметтік желілерде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу