Молдова президенті коронавирустың жаңа түрін жұқтырды

224

Майя Санду Молдованың Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын шараға қатыспайды.  

Молдова президенті коронавирустың жаңа түрін жұқтырды  Фото: Ведомости

Молдова президенті Майя Сандуға коронавирустың жаңа түрі (COVID-19) диагнозы қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы дүйсенбіде, 26 тамызда әлеуметтік желілер арқылы бейне хабарламада хабарлады, деп хабарлайды Молдова БАҚ.

Президент Молдованың Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға қатыса алмайтындығына өкініш білдірді.

"Құрметті достар, құрметті азаматтар! Өкінішке орай, мен COVID-пен ауырып қалдым, сондықтан бүгін және ертең жаппай іс-шараларға қатыса алмаймын. Мен өзімді жақсы сезінемін, әдеттегіден сәл артық шаршағаным болмаса, басқа белгілер жоқ. Өзгелерге вирусты жұқтырмау үшін мен алдағы бірнеше күнде ешқайда шықпауға шешім қабылдадым",- деді Санду.

Мемлекет басшысы отандастарына "COVID ешқайда кетпегенін" еске салып, инфекцияға күдік туындаған жағдайда тест тапсыруға және дәрігерге қаралуға шақырды.

Молдова Республикасының тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған барлық іс-шаралар белгіленген бағдарламаға сәйкес жалғасады.

Елордалық мэрияның Денсаулық сақтау басқармасы соңғы аптада Covid -19 жағдайларының саны 40 пайыздан астамға өскенін хабарлады: Кишинев ауруханаларында 87 адам бар, олардың жетеуі ауыр жағдайда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу