Молдовада өткен референдумда ЕО-ға қосылуды жақтаушылар мен қарсылардың дауыстары бірдей дерлік бөлінді, президенттік сайлауда Майя Санду алда келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Референдумда Молдова тұрғындарынан: "Сіз Молдова Республикасының Еуропалық Одаққа қосылуы үшін Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдайсыз ба?" деген сұраққа жауап беру сұралды.
Хаттамалардың 98,11%-ын санағаннан кейін скйлаушылар 49,90%-ы "иә" жауабын, "жоқ" жауабын – 50,10% халық таңдаған.
Президент сайлауына келер болсақ, Бюллетеньдердің 97,97 пайызын қарағаннан кейін қазіргі президент Майя Санду көш бастап келе жатқаны анықталды. Ол 41,86% дауыс жинады.
Үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмайды, сондықтан екінші тур 3 қарашада өтеді.
Сандуға 26,34% дауыс жинаған бұрынғы бас прокурор Александр Стояногло қарсылас болады.